Премьера! П.Мериме «Кармен» II бөлімді драма
Мәңгілік тақырып: Махаббат пен Еркіндіктің арпалысында таразының қай басы басым түспек?..
Қызуқанды испан еліндегі дон Хосе Наварро мен сыған қызы Карменнің арасындағы бірде өршіп, бірде – лапылдаған өртімен шарпыған махаббат ғадауатының аяғы немен аяқалмақ?..
Қоғам сатысының әр деңгейінде тұрғанымен, тосын махаббаттың алмас қылыштай шауып түсетін жүзінде махаббат үшін күрестің – сатқындықпен арпалысы, опасыздық пен іңкәрліктің алуан қырын баяндайтын драманың көрерменге берері мол болмақ.