Автор: Уильям Шекспир.
Режиссер: Талғат Теменов.
Қоюшы суретші: Қанат Мақсұтов.
Киім үлгісінің суретшісі: Шынар Елембаева.
Сахна сайысын қойған: Михаил Вишневский.
Музыкамен көркемдеген: Талғат Теменов.
Премьерасы өткен күн: 11 сәуір 2018 ж.
Актерлік құрам: Қуандық Қыстықбай, Ақмарал Танабаева, Тілектес Мейрамов, Нұркен Өтеуіл, Сырым Қашқабаев, Инабат Әбенова, Болат Ыбыраев, Олжас Жақыпбек.
Жанр: трагедия
Ұзақтығы: 90 мин
Жас санаты: 12+
Қосымша: Спектакль қазақ тілінде өтеді. Бір адамның тағдыры арқылы күллі адамзаттың жан дүниесін таныту, жүрек пен сезім арасындағы қайшылық өмір мен өлім арасындағы тайталасқа қалай ұрынғанын Шекспирден артық кім суреттейді! Отелло - әлемдік әдебиет галереясында күшті қаһарманның бірі, ол нағыз ер азамат бола тұрып, нақақ жаланың қаруы мен құрбанына айналды. Осынау баянсыз ғашықтықтың күйігі мен наласы жер бетінде ауық-ауық қайталана беретінін ұлы ағылшын жазушысы айғақтайды. «Отелло» - Ұлы шығарма!