Сая Қасымбек «Атжалман ғасыр» тарихи қасірет
Қазақ халқы жаңа формаға ауысқан кезеңмен қатар енген Театр әлемі қоғамда болып жатқан сан-салуан өзгерістер мен қақтығыстардан «тағдыр жолын» өтіп отырды.
Қазақ театр өнерінің негізін қалаушы Жұмат Шаниннің өмірінің ең соңғы кезеңін қамтитын ««Атжалман ғасыр» тарихи қасіретінің өзегі болып ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ интеллегенциясының басына төнген зұлмат кезеңнің бас Кейіпкерлері – бір Одаққа біріккен кеңес жүйесінің «марқасқалары» жүргізген саяси ойынын Шанин шеккен қасірет арқылы көркем формада көрсетеді.
Пьесада қызыл жүйенің қанды шеңберінде азап шеккен Жұмат Шанинмен қатар қазақ айдындарының күрес жолы, елі үшін еңіреген азаматтарымыздың Орталық саясатының «ойыншығына» айналып, ермекке құрбан болғанын жаңа формада жеткізеді. Жұмат Шанинның отбасына туған нәубеттің түп–тамырында - қызыл террордың қазақтан шыққан саналы азаматтарды азаппен көзін жойып, саналы түрде қолдан жасаған аштықтан халқын қынадай қыру арқылы қазақтың сайын даласы мен иен жатқан жерін иелену саясаты тұрғанын көреміз. Жұматты кінәлі деп тапқан жүйе, отбасын да аямайды. Жары Жанбике мен үлкен ұлы Рауыпбек, Жұматтың жолында саяси жүйенің құрбанына айналады. Тағдыры таразыға түскен сәтте де Жанбикенің жарға деген адал махаббаты мен әкеге деген ұлдың махаббаты Жұматтан бас тартпайды.
Қазақ театрын ашу жолында қажыр-қайраты мен білімін арнаған тұңғыш режиссер, актер Жұмат Шаниннің туғанына 130 жыл толса, қазақ Театр өнерінің бастау алғанына 96 жыл толып отыр. Шанин мен Қазақ театры – егіз ұғым боп қалыптасты. Бірақ, сол жолда негізін қалаушының басынан қандай тағдыр теперіші өтті, пьесада баяндалады.
Қоюшы режиссер - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор, режиссер Бекболат Құрманғожаев.
Қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов.