Афиша туралы ақпарат:
Жанр: трагикомедия
Ұзақтығы: 120 мин
Антракт: жоқ
Жас санаты: 16
Шығармашылық құрам:
Автор: А.Менчелл
Режиссер: Ұланмырза Қарыпбаев
Қоюшы суретші: Қанат Мақсұтов
Костюм суретшісі: Шынар Елембаева
Хореограф: Салтанат Сұңғат
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
ИДА - Гүлбаршын Қылышбай, Күлия Қожахметова
ЛЮСИЛЬ - Бақыт Исабекова, Айман Аймағамбет
ДОРИС - Түймехан Атымтаева, Майра Омар
СЭМ - Кеңес Нұрланов, Мейрам Қайсанов
МИЛЬДРИД - Зибагүл Карина, Бақыт Жұмағұлова
СЕЛЬМА - Ботагөз Мақсұтова, Түймехан Атымтаева
ДЭННИ - Марғұлан Наменов
ГАРРИ - Қайыржан Садықов
АБИ - Бекарыс Шалқар
Жас ИДА - Динара Егубаева
Жас ЛЮСИЛЬ - Ақниет Орынтай
Жас ДОРИС - Бегімнұр Қалила
ЭД - Ерсін Айтмұқаш, Ақжол Мамыр
Есімде сақтағым келеді. Тек бейіт басындағы бейнеңді емес. Сен кеткелі жаным да, жүрегім де қаңырап бос қалды. Мен саған тағы да келдім. Мауқымымды басу үшін… Мен сені күтемін…
Қиын-қыстау кездерді бастан кеше жүріп тағдырдың сан қилы ауыртпалығына мойымай Алтайдан Анадолыға дейінгі азапты жол, қаралы көште қанқұйлы тағдыр кешіп, бозбала боп аттанып, Тәуелсіздік алған туған еліне ақсақал боп оралған ұлтымыздың ардақты азаматы Халифа Алтай бас кейіпкердің біріне айналған бұл қойылым қиямет қайым күндерді, зұлмат жылдарды өткерсе де, қазақ халқының адамдықтан айнымай, тектілігін жоғалпағаны діні мен ділін, дәстүрі мен салт санасын берік ұстанғанын сөз етеді.
1950-1960 жылдары Түркияның басминистрлік қызметін атқарған, белгілі мемлекет қайраткері Аднан Мендерестің қазақ халқына жасаған жақсылығы мен Анадолы жерінің әлемдегі барлық түріктердің панасы болғаны да қойылымда көрініс тапқан. Жас ұрпақ өкілдерін отаншылдыққа тәрбиелеуде, патриоттық рухта баулуда және туған жердің қадірін терең түсінуге үндеуде Такламакан шөлінде, Гималай тауында арпалыспен өткен өмір өткелдерінде ұлттық болмысынан ажырамаған ата-бабамыздың қанды тарихын көркемдік шындық арқылы көрермен жүрегіне жол табар қойылым Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналады.