Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Мамандық таңдау балалық шақтан басталады.
Аббос Хуррамовтың «Қоян енді қорықпайды» шығармасында осы тақырып көтерілген. Шығармада бес кейіпкер - қоян, мысық, ара, күшік, қыран мамандық таңдау бойынша әнгімелесіп өз пікір ойларын айтады. Қыран - ұшқыш, күшік - қорықшы, ара - дәрігер, мысық - аңшы кәсібін таңдағанын айтады. Ал, қорқақ қоян қандай мамандық таңдауын білмей ойға батады. Қоян диқан болып шаруашылық, бағдаршылық кәсібін таңдауға шешім жасайды. Ол орманға әр түрлі жеміс-жидектер егіп, диқаншылық жұмысын бастайды. Ол таңнан кешке дейін далада еңбек етіп, өз кәсібінің нағыз маманы болады.
Шығарманың мақсаты - балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Мың түрлі мамандықтар туралы түсінік қалыптастыру. Балалардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдай білуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.