Мекен жайы: Нұрсәт м/а. Н.Назарбаев даңғылы 6.
Тау бөктеріндегі табиғат-Ана салған аралда үш тағдыр мен табиғат иелері арасындағы тартыста таразы басына азғындық пен махаббат тасы салынады. Қай тас басым түспек?.. Тұмса табиғат аясында махаббаттың нәзік пернесін жүрек қылымен тербеткен жас қыздың жанын жаралаған адам арқылы "Дамудың биік деңгейіне көтерілген Адам жан-дүниесінің азғындауны не себеп?.. Азғындық пен адалдықтың формуласы бар ма?.." деген әлемдік сұраққа жауап іздеп, Адам тағдыры мен Табиғат арасындағы арпалысты талқыға салатын қойылымның көрерменге берері мол.