Қойылымның негізгі идеясы, адамзат пен оны қоршаған табиғаттың арасындағы қарама-қайшылық. Яғни бұл оқиғада адамның табиғатқа жасаған қиянатынан, табиғат пен адам арасындағы тепе-теңдік бұзылады. Бөлтірік кезінде адамдардың қолына түскен, қасқыр есейе келе бостандықты аңсайды. Аталған қойылым проблемалық өзектілігі жағынан, тақырыптық ерекшелігі жағынан бітімі бөлек шығарма. Шығармада тек табиғат пен адамның қатынасы ғана емес, ақ пен қара арасындағы араздық та көрсетілген.
Мұнда – үлкен адами мәселелер көтеріледі. Қойылымның ерекшелігі көрерменін патриоттық рухқа да тәрбиелейді.